Accessibility links

БҰҰ Қазақстанды адам құқықтарына қатысты сынады


БҰҰ бас ассамблеясының логотипі. Көрнекі сурет.
БҰҰ бас ассамблеясының логотипі. Көрнекі сурет.
БҰҰ-ның адам құқықтары комитеті Қазақстанды 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтарына қатысты іс-шаралар жоспарына комитет берген ұсыныстарды орындамады деп сынады.

"Тенгриньюс" агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Астанада өткен халықаралық сарапшылардың Қазақстанның БҰҰ адам құқықтары комитеті ұсынған ескертпе-ұсыныстарының орындалу жайына арналған жиында айтылған.

БҰҰ адам құқықтары комитеті 2011 жылы 26 маусымда Қазақстанға азаматтық құқықтар туралы халықаралық пактінің елдегі заңнамаларға қолдану мәселесіне қатысты 20-дан астам ұсыныстары бар соңғы ескертпе жасаған болатын.

Комитеттің дерегінше, 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтарына қатысты іс-шаралар жоспарының тек 17 пайызы ғана орындалған. 11 бөлімнен тұратын ұсыныстардың алғашқы екі жылда тек 17 пайызы ғана орындалған. 11 бөлімнің ішінде сөз бостандығы, бейбіт жиындар өткізу, мемлекетті басқаруға қатысу, ар-ұждан бостандығы мәселелеріне қатысты ұсыныстар бар.
XS
SM
MD
LG