Accessibility links

Бжезинский: Путиннің басқаруы - анархия


Збигнев Бжезинский.
Збигнев Бжезинский.
АҚШ-тың бұрынғы президентінің кеңесшісі және Шығыс Еуропадағы адам құқықтарын қорғаушы Збигнев Бжезинский Ресей президенті Владимир Путиннің басқару тәсілін "өткен шаққа оралтатын анархизм" деп атады.

Вашингтондағы Вудро Вильсон атындағы орталықта сөйлеген Бжезинский "Путиннің басқаруы не әлемдік, не Ресейдің өз ішіндегі жағдайларға сай келмейді" деді. Ол Ресейде Путиннің саясатына кәдімгідей ықпал ете алатын орта таптың күш-қуаты артып келе жатқанын айтып, "Ресейдің саяси тарихында жеке адам бойындағы үрей сезімі алғаш рет жойылды" деді.
XS
SM
MD
LG