Accessibility links

Финляндиядағы атысқа байланысты 18 жастағы күдікті ұсталды


Финляндияның Хювинкяа қаласындағы атыстан мерт болған адам. 26 мамыр 2012 жыл.
Финляндияның Хювинкяа қаласындағы атыстан мерт болған адам. 26 мамыр 2012 жыл.
Финляндияның Хювинкяа қаласында болған атысқа күдікті ретінде 18 жастағы жігіт ұсталды.

Бүгін таңертең болған атыстан 18 жастағы жігіт пен бойжеткен қаза тауып, жеті адам (олардың біреуі полицей) жараланған еді. Жаралылардың кейбірінің халі ауыр.

Полицияның дерегіне қарағанда, адамдарды үйдің шатырынан атқан күдікті ұсталған кезде қарсылық көрсетпеген.

Жергілікті ақпарат құралдары шабуыл жасаған адамның "әскер қатарында қызмет еткенде жүйкесі зақымданып келгенін" жазады.
XS
SM
MD
LG