Accessibility links

Сирияда жексенбіде тағы 30 адам қаза тапты


БҰҰ бақылаушылары Хулада қаза тапқандардың мәйіттерін тексеріп тұр. Сирия, 26 мамыр 2012 жыл.
БҰҰ бақылаушылары Хулада қаза тапқандардың мәйіттерін тексеріп тұр. Сирия, 26 мамыр 2012 жыл.
Сирияның Хама қаласында жексенбіде үкімет әскері жүргізген операцияда 33 адам, оның ішінде жеті бала қаза тапты деп хабарлайды Лондонда орналасқан Сирия құқық қорғаушылар орталығына сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Хама қаласының жекелеген аудандарын пулемет пен минометтен атқылау БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысынан соң ұзамай басталған. Кеңес мүшелері оның алдында, сенбі күні Хула қаласында атыс кезінде 108 адам қаза тапқаны үшін Дамаскіні қатаң айыптап, қырғынға Сирия үкіметі кінәлі деді.

Қауіпсіздік кеңесі Дамаскіні тағы да оппозиция жасақтарына қарсы ауыр атилеррияны қолданбауды талап етті. Кеңестің бұл мәлімдемесін кеңеске мүше елдердің барлығы, оның ішінде Сирия билігін айыптаудан тартынып келген Ресей де қолдады.

Бірақ Дамаск қырғынға оппозициямен байланысы бар "террористер" кінәлі деп, оқиғаны мұқият тергеуге уәде берді.
XS
SM
MD
LG