Accessibility links

Борис Березовскийге қарсы екі іс қозғалды


Ресейдің қуғындағы олигархы Борис Березовский.
Ресейдің қуғындағы олигархы Борис Березовский.
Ресейдің тергеу комитеті қуғындағы олигарх Борис Березовскийге қарсы "жаппай тәртіпсіздікке шақырды" деген айыппен екі қылмыстық іс қозғады.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин "Борис Березовский сәуірде интернет бетіне шығарған мәлімдемесінде Ресей азаматтарын жаппай тәртіпсіздікке шақырғанын" айтқан. Маркиннің дерегінше, Березовский азаматтарды Владимир Путинннің инаугурациясына кедергі жасап, оны Кремльге кіргізбей қоюға үндеген және ол үшін тұтқындалған жағдайда қаржылай көмек көрсететінін айтқан.

Екінші іс биыл 12 ақпанда "Эхо Москвы" радиостанциясының сайтында "СССР-да тумағандарға арналған ашық хат" деген тақырыппен жарық көрген мақалаға байланысты қозғалған. Тергеу ісі бойынша, Березовский онда да Ресей президентінің сайлауын күшпен өткізбей тастауға шақырған.

Борис Березовский қазір Лондонда тұрады. Ресейде оған қарсы бірқатар айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған. Бірақ Ұлыбритания билігі оны Ресейге экстрадициялаудан бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG