Accessibility links

Путин Еуразиялық одақ парламентін құру туралы айтты


Солдан оңға қарай: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық одақ мәжілісінде. Душанбе, 6 қазан 2007 жыл.
Солдан оңға қарай: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық одақ мәжілісінде. Душанбе, 6 қазан 2007 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Еуразия экономикалық одағының парламентін құру жайын Қазақстан және Беларусь басшыларымен ақылдасатынын айтты деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

«Биліктің атқарушы органдарының барлық шешімдері заңмен бекіп, жүзеге асуы керек. Еуразиялық одақ туралы айтар болсақ, үш елдің депутаттар корпусы белсене кіріспесе, мұндай шаруа шешілмейді. Сондықтан мұны қолдаймыз. Мен Қазақстан және Беларусьтегі әріптестеріммен сөйлесемін. Мұны бәрі жақтайтынына сенемін" деді Ресей президенті Владимир Путин.
XS
SM
MD
LG