Accessibility links

New York Times: Обама Иранға кибершабуылды үдетуді бұйырды


АҚШ президенті Барак Обама. Чикаго, 21 мамыр 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Чикаго, 21 мамыр 2012 жыл.
The New York Times газетінің жазуынша, АҚШ президенті Барак Обама Иран ядролық бағдарламасы жүйесінің компьютерлеріне кибершабуылды үдете беруге бұйырған.

Басылымның жазуынша, "Олимпиада ойындары" деген шартты атауы бар кибер операция президент Джордж Буш (баласы) тұсында басталып, Натанцедегі ядролық заводтың жұмысына күйреткен.

Газеттің айтуына қарағанда, Израиль мамандарымен бірігіп жасалған Stuxnet вирусы 2010 жылы бақылауға көнбей кетіп, басқа елдердегі компьютерлерді де зақымдай бастаған соң билік бұл бағдарламаны тоқтатуды ойлаған.

Обама шабуылды жалғастыра беруге бұйырған соң бір аптадан кейін вирустың жаңа нұсқасы іске қосылып, Иранның бес мың ядролық центрифугасының мыңының жұмысын бүлдірді дейді басылым.

Мамандар жуықта ғана Stuxnet вирусынан әлденеше есе қуатты Flame ("Флейм") вирусын тапқандарын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG