Accessibility links

HRW: Жаңаөзен сотының үкімі әділетсіз


Human Rights Watch ұйымының логотипі.
Human Rights Watch ұйымының логотипі.
"Соттың тұтқындар азапталып, толықтай тергелмеген іске үкім шығаруы әділеттілікке қайшы" деп мәлімдеді Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты 37 адамға 4 маусымда шыққан үкімге қатысты.

Ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша департаменті директорының орынбасары Джейн Бьюкенен: "Соттың мұнайшыларға ауыр үкім шығаруы олардың тек бейбіт түрде ереуілдегені үшін ғана жазаланып отырғанын көрсетеді" деді.

HRW айыпталушылардың сотта тергеу кезінде ҰҚК қызметкерлері, полицияның өздеріне қысым жасап, заптағандары туралы айтқандарын биліктің елемегенін айыптайды.

4 маусымда Ақтауда Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталған 37 адамға сот үкімі шыққан. 3 адам ақталып, 5 адам рақымшылыққа ілінді. Сот мұнайшылар белсендісі Роза төлетаеваны 7 жыл, Талғат Сақтағанов 4 жылға сотталды. Олардан өзге 10 адам 3 жыл мен 6 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды.
XS
SM
MD
LG