Accessibility links

AI: Еуропа елдері босқындарға қатаң саясат ұстанып отыр


Amnesty International ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Amnesty International ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Халықаралық Amnesty International ("Амнести Интернэйшнл") құқық қорғау ұйымы Еуропа елдерінің билігі заңсыз мигранттардың өміріне қауіп төндіріп отыр деп, олардың босқындарға қатысты ұстанып отырған саясатын сынады.

Ұйым өзінің жаңа зерттеуінде Еуропа елдерінің үкіметтері адамдамдың өмірінен гөрі шекарада күзетті күшейту жайын көп ойлайды деген.

"Соңғы 10 жылда Еуропа елдері Африкадан теңіз арқылы келетін заңсыз мигранттарға тосқауыл қоюды күшейтіп, шекара бекеттерін қатаң бақылауға алды. Бірақ шекарадан кері қайтқан мигранттардың көпшілігі өз елдерінде қауіп-қатерге ұшырайды. Мысалы, өткен жылы Италия билігі ливиялық босқындарды бірнеше рет еліне қайтарып жіберді. Ал олар Ливияда түрмеге түсіп, азаптауға ұшырады" дейді халықаралық ұйым.
XS
SM
MD
LG