Accessibility links

Қытай алғашқы әйел ғарышкерін ұшырды


Қытай астронавы Лю Янг ғарыш айлағында отыр. Қытай, 12 маусым 2012 жыл.
Қытай астронавы Лю Янг ғарыш айлағында отыр. Қытай, 12 маусым 2012 жыл.
Қытай сенбі күні Говь (Гоби) шөліндегі космодромынан «Шэньчжоу-9» ғарыш кемесін ұшырды. Бұл ғарыш кемесіндегі экипаж мүшесі, әскери теңіз күштерінің майоры Лю Янг – осы елдің тұңғыш әйел астронавы.

Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, экипаж құрамында Қытайдың солтүстігіндегі Хебей провинциясынан шыққан 34 жастағы Лю Янгпен бірге тағы екі ер астронавт (Жинь Хайпенг және Лю Уанг) бар.

«Шэньчжоу-9» 2011 жылы орбитаға орнатылған «Тяньгун-1» алғашқы ғарыш лабораториясымен түйіседі. Он күндік миссия барысында үш ғарышкердің екеуі модульдің ішінде тұрып, тіршілік жүйесін тексереді, ал үшінші астронавт ғарыш кемесінде қалады.

Бақылаушылардың айтуынша, «Шэньчжоу-9» ғарыш кемесі «Тяньгун-1» модулімен сәтті түйіссе, алдағы жылдары Қытай ғарыш бағдарламасының ірі жобаларына жол ашылады. Қытай адамы бар ғарыш кемесін айға ұшыруды және «Тяньгун-1» модулінің орнына жетілдірілген ғарыш станциясын құруды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG