Мәскеуде Иранның ядролық бағдарламасына қатыстыТегеран мен алты елдің кезекті келіссөздері басталды.
Екі күнге созылатын келіссөздерге АҚШ, Ресей, Германия, Франция, Ұлыбритания және Қытай өкілдері және Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон қатысып жатыр. Иран делегациясын келіссөздерге ұлттық қауіпсіздік бойынша жоғарғы кеңестің хатшысы Саид Жалили бастап келді.
Әлемдік қауымдастық МАГАТЭ инспекторларының Иранның ядролық нысандарына кіріп, Тегеранның ядролық қару жасап жатпағанына көз жеткізгенін қалайды. Тегеран болса ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейтінін айтып, Батыс елдерін Иранға салған қаржы-экономикалық санкцияларын алып тастауға шақырады.
Келіссөздерге Кэтрин Эштон төрағалық етпек.