Accessibility links

Венгрия жазушысы мемлекеттік сыйлықтан бас тартты


Венгер жазушысы Эли Визель.
Венгер жазушысы Эли Визель.
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Эли Визель 2004 жылы берілген Венгрияның мемлекеттік сыйлығынан бас тартатынын мәлімдеді.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар, оның арасында парламент спикері мен мәдениет министрі мамырда венгерлік ақын Йозеф Нироның құрметіне арналған салтанатты шараға қатысқан. Эли Визель Йозеф Нироны "фашизмнің идеологы" деп танитындықтан, сыйлықтан осыған қарсылық ретінде бас тартатынын айтады. Ниро Венгрия нацистік Германиямен альянс құрған кезінде депутат болған.

Нобель сыйлығының лауреаты Венгрияға сіңірген еңбегі үшін берілетін Үлкен Крест сыйлығынан бас тартуға тағы бір себеп барын айтты. Ол себеп - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елді басқарған Миклош Хортидің қайтадан Венгрияның ұлттық қаһарманы деп танылуы.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Миклош Хортидің бұйрығымен жарты миллион еврей елден депортацияланған.
XS
SM
MD
LG