Грекияда елдің жаңа премьер-министрі болып сайланған консервативтік "Жаңа демократия" партиясының жетекшісі Антонис Самарас ант қабылдап, қызметіне кірісті. Енді ол елді қаржы дағдарысынан алып шығу үшін қатаң экономикалық саясат жүргізуі тиіс.
"Жаңа демократия" партиясы өткен жексенбіде екінші рет болған парламент сайлауында жеңіске жеткен еді. Бірақ партия жеке өзі үкіметті құра алатындай дауыс жинай алған жоқ. Сондықтан консерваторлар, социалистік ПАСОК партиясы мен "Демократиялық солшыл партия" арасында үш күн бойы келіссөздер өткен. Енді таяу күндері жаңа үкіметтің құрамы жарияланбақ.
Келіссөздер өткізген үш партияның өкілдері де Грекияға қаржылай көмек беру туралы Еуропа Одағы және Халықаралық валюта қорымен жасалған келісімге қолдау білдірді.