Accessibility links

Каирде әскерилерге қарсы шеру өтті


"Мұсылман бауырлар" қозғалысының жақтастары Тахрир алаңында. Египет, 21 маусым 2012 жыл.
"Мұсылман бауырлар" қозғалысының жақтастары Тахрир алаңында. Египет, 21 маусым 2012 жыл.
Египет астанасы Каирдің орталығындағы Тахрир алаңында әскери билікке наразы бірнеше мың шеруші түні бойы тұрды. Шерушілер бір апта бұрын өткен президент сайлауының қорытындысын хабарлауды талап етеді. Жиналған жұрттың көбі - исламшыл "Мұсылман бауырлар" қозғалысының жақтастары.

Шерушілер "жуықта парламентті таратып, заң шығару билігін өзі алған Жоғары әскери кеңес билікті сайланған президент пен азаматтық құрылымдарға тапсыруы керек" деп талап қойды.

Президент сайлауының шешуші кезеңіне қатысқан екі кандидат та ("Мұсылман бауырлар" қолдайтын Мохаммед Мурси мен Мүбәрәк билігі кезінде премьер-министр болған Ахмед Шафиқ) өздерінің жеңгендерін бірнеше рет мәлімдеген.

Әскери билік сайлау нәтижесін жариялауды кешеуілдетіп келеді.
XS
SM
MD
LG