Сенбіге қараған түні Нигерия астанасы Абуджадағы шетелдіктер баратын түнгі клубтардың бірінің маңында жарылыс болды. Жарылыстан зардап шеккен адам жоқ. Бұл оқиғаға байланысты "Боко Харам" исламшыл тобы күдікке ілінді.
Жуықта Нигерия президенті Гудлак Джонатан өзінің ұлттық қауіпсіздік мәселесі жөніндегі кеңесшісі әрі қорғаныс министрі Белло Мохаммедті қызметінен алған. Соңғы кездері Нигерия үкіметін "елдің солтүстігіндегі көптеген жарылыстарға жауапкер "Боко Харам" содырларына қарсы дұрыс шаралар қабылдай алмай отыр" деп сынаушылар көп.