Accessibility links

Австралияда 150 адамы бар кеме суға батты


Жағалауда тұрған кеме. (Көрнекі сурет).
Жағалауда тұрған кеме. (Көрнекі сурет).
Австралияның Үнді мұхитындағы Рождество аралында бүгін босқындар мінген кеме суға батып кетті.

Австралияның теңізде жүзу қауіпсіздігі қызметінің хабарлауынша, кеме портында 150 адам болған. Құтқарушылар судан 110 адамды аман шығарып алды. 17 адам қаза тапты. Қалған жолаушылар - із-түзсіз жоғалғандар есебінде.

Бір апта бұрын да осы арал маңында тағы бір кеме апатқа ұшыраған еді. Ол кезде 90 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG