Accessibility links

Сирияның шетелдегі оппозициясы Каирге жиналады


Сирия қақтығысын реттеу үшін жиналған әлемнің жетекші елдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері. Женева, 30 маусым 2012 жыл.
Сирия қақтығысын реттеу үшін жиналған әлемнің жетекші елдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері. Женева, 30 маусым 2012 жыл.
Сирия оппозициясының қуғындағы үкіметі - Сирия ұлттық кеңесінің жетекшілері мен шағын оппозициялық топтардың өкілдері билікті ауыстыру жоспарын талқылау үшін дүйсенбіде Каирге жиналады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Араб лигасы ұйымдастырып, БҰҰ, Ресей және АҚШ қолдаған екі күндік жиынға Франция, Тунис және Түркияның өкілдері де шақырылған.

Бірақ Сирияда Башар Асад режимімен күрес жүргізіп жатқан Ерікті Сирия армиясы "жиын Дамаскінің одақтасы Ресей мен Иранның мүддесіне қызмет істейді" деп, жиынды айыптады.

Өткен сенбіде Женевада кездескен бірқатар ірі елдердің басшылары Сириядағы қақтығысты тоқтату үшін өтпелі бірлескен үкімет құруды ұсынған еді. Өтпелі үкімет құрылған жағдайда оған Асад режимі мен оппозиция өкілдері де кіруі тиіс еді. Бірақ оппозицияның кейбір өкілдері ол жоспарды "сатқындық" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG