Accessibility links

Қырғызстанда журналист сотталды


Қырғызстандық журналист Владимир Фарафонов.
Қырғызстандық журналист Владимир Фарафонов.
Қырғызстан соты этникалық орыс журналисін "ұлтаралық араздықты қоздыратын мақалалар жазды" деп айыптап, 1100 АҚШ доллары көлемінде айып салды.

Бішкектің Первомайск аудандық соты сейсенбіде журналист Владимир Фарафоновты "қырғыз халқына тіл тигізді" деп айыптады, бірақ прокурордың сегіз жылға соттау туралы ұсынысын қабылдамады. Фарафоновтың өзі жеке бас қауіпсіздіне байланысты сотқа қатыспады.

Қырғызстанда 2010 жылғы жүздеген адам құрбан болған өзбектер мен қырғыздардың қақтығысынан бері ұлтаралық жағдай шиеленісті.
XS
SM
MD
LG