Accessibility links

АҚШ-та тәуелсіздік күні атап өтілді


Миллиондаған америкалық 4 шілдеде АҚШ-тың тәуелсіздік алған күнін атап өтті. Елдің барлық аймағында парадтар мен концерттер болды.

Ең үлкен концерт Филадельфия қаласында болды. Себебі мұнда 1776 жылы 4 шілдеде тәуелсіздік декларациясына қол қойылған еді. Онда Солтүстік Американың Ұлыбританияның отарынан босап, тәуелсіздік алғаны жарияланған.

Дәстүр бойынша бұл күн ант қабылдап, АҚШ азаматтығын алатындар үшін де мереке болып саналады. Биыл 25 адам Ақ үйде президент Барак Обаманың қатысуымен ант қабылдап, азаматтық алу құрметіне ие болды.
XS
SM
MD
LG