Accessibility links

Шығыс Қазақстанда ірі қараға аусыл жұққан


Өрісте жүрген сиыр. (Көрнекі сурет).
Өрісте жүрген сиыр. (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысында ірі қара малдың аусылмен ауыратыны анықталды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, облыстың Үржар ауданы Мақаншы ауылында 227 бас ірі қара аусылмен ауыратыны анықталған.

Мал ауруы шыққан ауылдарда карантин жарияланып, пост қойылған. Аймақта мал мен мал өнімдерін тасымалдауға тыйым салынып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.

Өткен айда да осы облыста ірі қара аусылмен ауырып, жүздеген мал жойылған еді.
XS
SM
MD
LG