Мәскеуде Абай өлеңдерінің жинағы үш мың тиражбен басылып шықты. Бұл туралы Азаттық тілшісіне жинақты шығарған ««Альпина нон фикшн» баспасының жетекшісі Павел Подкосов хабарлады. Оның айтуынша, бұл жинақ Ресейде ғана емес, Қазақстанда да сатылмақ.
Маусым айында бұл баспа "ОккупайАбай" қарсылық шарасы кезінде мәскеуліктерге танымал болған Абайдың жинағын 330 данамен шығарғанын Azattyq.org сайты жазған еді. Баспа директоры Павел Подкосовтың айтуынша, сандық тәсілмен басылған бұл алғашқы тираж бірінші күні-ақ сатылып кеткен.
Ол кезде кітаптың бағасы 250 рубль (шамамен 8 доллар), көлемі 128 бет болған.