Accessibility links

Испанияда бюджетті үнемдеу саясаты жүргізіле бастады


Испанияның премьер-министрі Мариано Рахой.
Испанияның премьер-министрі Мариано Рахой.
Испанияның премьер-министрі Мариано Рахой сәрсенбіде бюджет шығындарын үнемдеу мақсатында қатаң экономикалық саясатты жүзеге асыру басталғанын жариялады. Айтуынша, бұл саясаттың нәтижесінде бюджетте 65 миллиард АҚШ доллары үнемделмек.

Жаңа қабылданған шаралардың арасында қосымша құн салығын 18-ден 21 пайызға дейін өсіру, салық жеңілдіктерін алып тастау және жұмыссыздарға берілетін жәрдемақыны қысқарту қарастырылған.

Бюджетті үнемдеу шаралары Еуропа Одағына мүше елдердің Испания банкілеріне көмек ретінде 100 миллиард еуро қаржы бөлу үшін қойып отырған талабы бойынша қабылданып отыр.

Дегенмен, бюджет шығындарын үнемдеу халықтың жаппай наразылығын тудырып отыр. Сейсенбіде мыңдаған испан шахтерлері үкіметтің тау-кен өнеркәсібіне бөлінетін қаржыны қысқартатынына наразылық танытпақ болып Мадридке жиналды.
XS
SM
MD
LG