Accessibility links

Moody's Италия облигацияларының рейтингін төмендетті


Moody's халықаралық рейтинг агенттігінің логотипі. Көрнекі сурет.
Moody's халықаралық рейтинг агенттігінің логотипі. Көрнекі сурет.
Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Италияның мемлекеттік облигацияларының рейтингін А3 деңгейінен Ваа2 деңгейіне дейін түсірді. Агенттіктің бұл бағасы Еуропадағы қаржылық жағдайдың нашарлауы қарыз сомасының жедел өсіп кетуіне әкеп соғады деген қаупінен туындап отыр.

Мемлекеттік облигациялардың рейтингісі Римнің аукционда құны 5,25 миллиард еуро тұратын облигациясын сату әрекетінен соң төмендеп кетті.

Moody's агенттігі бұған қоса Италияның экономикалық дамуы биыл екі пайызға төмендейді деп болжайды. Испанияның банк жүйесіндегі дағдарыс пен Грекияның еуро аймақтан шығу қаупі де Италияға әсер етуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG