Accessibility links

ХВҚ: Әлемдік экономикада алдағы 2 жылда өсім баяулайды


Халықаралық валюта қорының логотипі. Көрнекі сурет.
Халықаралық валюта қорының логотипі. Көрнекі сурет.
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) алдағы екі жылда әлем экономикасында өсім баяулайды деген болжам жасады. Әлемдік экономика өсімінің тежелуі Еуропадағы қаржы дағдарысы, Қытай мен Үндістан экономикасы дамуының баяулауынан болады делінген ХВҚ-ның дүйсенбіде жарияланған есебінде .

Валюта қоры әр тоқсан сайын жасайтын болжамында да биыл экономикалық өсім баяулап, 3,5 пайызды құрайтынын айтады. Сәуір айында жасаған болжамында қор әлем экономикасының өсімі 2011 жылы 3,6 пайыз болады деген еді.

ХВҚ бұған қоса әлемдік нарықты қамтамасыз етіп отырған Қытай, Үндістан, Бразилия сияқты елдерде де өндіріс қуаты болжамдағыдан төмен болады деп отыр.
XS
SM
MD
LG