Accessibility links

Тәжікстан Ресей әскериінің мәлімдемесін жоққа шығарды


Ресейдің құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысы Владимир Чиркин.
Ресейдің құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысы Владимир Чиркин.
Тәжікстан Мәскеу ұсынған Ресейдің 201мотоатқыштар дивизиясының 2014 жылдан кейін де елде қала беруі туралы келісім жобасын мақұлдады. Бұл туралы бүгін Ресейдің құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысы Владимир Чиркин хабарлады.

Оның айтуынша, Ресей Тәжікстанға әскери базасын еш ақы төлемей 49 жылға елде қалдыруды ұсынған.

Бірақ Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі Чиркиннің мәлімдемесін түбегейлі жоққа шығарды.

Кеше Тәжікстанның сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи Ресеймен әскери база туралы келіссөздер әлі жалғасып жатқанын және оның жабық түрде өтетінін айтқан еді.

СССР күйрегелі Тәжікстанда қалып қойған Ресейдің 201-әскери базасының қызмет ету мерзімі 2014 жылы бітеді. Базаға қатысты келіссөздер бірнеше айдан бері жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG