Accessibility links

Полицей оғынан өлген адамның "бұзақы" екені айтылды


Полиция қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Полиция қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Алматыдағы саябақтардың бірінде полицей тұрғынға шабуыл жасаған қарулы адамға оқ атты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше кешке жақын болған. Паркте бес айлық баласымен қыдырып жүрген ер адамға масаң күйдегі адам шабуыл жасаған.

"Оқиға болған жерге келген полицейлерге шабуыл жасаушы қарсылық танытып, біріне пышақ салды. Қарсылықты басу үшін полицейлердің бірі оны басынан атты. Жарақатының салдарынан ол бүгін ауруханада қайтыс болды" дейді баспасөз қызметі.

Кеудесіне пышақ тиген полицей беренді кеудеше кигендіктен аман қалған.
XS
SM
MD
LG