Accessibility links

Жаңаөзен бойынша сотталғандардың шағымы қаралып жатыр


"Шетпе ісі" бойынша өткен соттан көрініс. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Шетпе ісі" бойынша өткен соттан көрініс. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ақтауда Маңғыстау облыстық сотында Шетпе оқиғасына байланысты
сотталғандар мен Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған полицейлердің апелляциялық шағымы қатар қаралып жатыр.

Азаттық тілшісіне сотқа қатысып жатқан шетпелік тұрғындардың бірінің айтуынша, мемлекеттік айыптаушы Баймағамбетов "сотталушылардың кінәлары толық дәлелденгендіктен оларға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұраған.

Шетпе оқиғасына қатысты сот үкімі 21 мамырда шыққан. Сотқа тартылған 12 адамның 5-уі 4 жылдан 7 жылға дейін сотталды. Алтауы рақымшылықпен босатылса, біреуі ақталды. Сотталғандарға «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды», «мемлекеттік орган қызметкерлеріне қауіп төндірді» деген кінә тағылған.

Ал 5 полиция қызметкеріне 28 мамырда сот үкімі шығып, 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Оларға «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды» деген айып
тағылған.
XS
SM
MD
LG