Ақтауда Шетпе оқиғасына байланысты сотталған азаматтар мен Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған полицейлердің апелляциялық шағымын қараған Маңғыстау облыстық соты Шетпе оқиғасына қатысты сотталушылар үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Бұл жайлы Азаттық тілшісіне хабарлаған «Жаңаөзен жәбірленуші» тобының құқық қорғаушысы Әсел Нұрғазиеваның айтуынша, тек полицейлер үкіміне қатысты өзгеріс болған.
- Полицейлерге қатысты сот шешімі өзгертілді. Олардың дүние-мүлкін конфискациялау туралы тармақ алынып тасталды, - деді Әсел Нұрғазиева.
Шетпе оқиғасына қатысты сот үкімі 21 мамырда шыққан. Сотқа тартылған 12 адамның бесеуі 4 жылдан 7 жылға дейін сотталған, алтауы рақымшылықпен босатылған, біреуі ақталды. Сотталғандарға «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды», «мемлекеттік орган қызметкерлеріне қауіп төндірді» деген кінә тағылған.
Ал бес полицейге 28 мамырда сот үкімі шығып, 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Оларға «лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды» деген айып тағылған.