Accessibility links

Обама Асадқа химиялық қару қолданбауды ескертті


АҚШ президенті Барак Обама. Колорода штаты, 22 шілде 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Колорода штаты, 22 шілде 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Сирия басшысы Башар Асадқа «қайғыға ұрындырар қателік» жасамауға - химиялық қару қолданбау туралы ескерту жасады. Егер Дамаск химиялық қару қолданатын болса, ондай ісі үшін Асад әлемдік қауымдастық пен АҚШ алдында жауап беретін болады деп мәлімдеді.

Ресми Дамаск химиялық қаруды үкімет сириялықтарға қарсы ешқашан қолданбайтындығын, бірақ Сирияға шетелдік агрессия жасалған жағдайда химиялық қару қолданатындығын айтып сес көрсеткен.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Дамаскінің бұл мәлімдемесін «айыптауға тұрарлық» деп бағалап, әлемдік қауымдастықты қырағылық сақтап, әлгіндей қауіп-қатерге жол бермеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG