Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар атыстың таңғы сағат 10-да басталғанын айтқан. Тұрғын үйлердің бірін полиция қоршауға алған. Тілшімен сөйлескен тұрғындардың айтуынша, бұл қақтығыс шілденің 28-і күні болған оқиғамен тығыз байланысты.
2012 жылы шілденің 28-і күні таңертең белгісіз біреулер полиция аға лейтенанты Ержан Қайрақбаевты атып кеткен еді. Ол бірден оқиға болған Бекмаханов көшесінде қаза тапты. Екінші полицей Ерназ Қожахметов қазір ауруханада әл үстінде жатыр.
Алматы полициясы осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш жас жігітке және бозғылт «Хюндай» маркалы жеңіл автомашинаға іздеу жариялаған еді.
Шілденің 31-і түстен кейін Алматы қалалық ішкі істер департаменті Азаттық тілшісіне полицияның арнайы операцияны аяқтағанын растады. Көп ұзамай "Интерфакс" агенттігі атыс кезінде "экстремистік топтың 6 мүшесінің көзі жойылды" деген хабар таратты.
Ахселькент ықшам ауданының тұрғындары Азаттық тілшісіне полиция қоршаған үйде сырт келбеті дін ұстайтын адамдарға ұқсайтындардың көп тұратынын айтқан. Аула сыпырушының сөзіне қарағанда, күнде таңертең осы үйден бір топ, сақал қойып, тақия киген адам шығып, спорттық жаттығулар жасайды.
Атыс болған Ахселькент ықшам ауданы Райымбек көшесі мен Йассауи көшесінің қиылысында орналасқан. Тілшінің хабарлауы бойынша, қоршауға алынған үйдің төртінші қабатынан қою түтін шығып жатты. Белгісіз топты тұтқындау үшін 100-ге тарта арнайы сарбаз жеткізілген.
Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, оқтын-оқтын атылған мылтық дауысына ұқсайтын дыбыстар естілген. Оқиға болып жатқан үйдің маңайына полиция ешкімді жібермеген. Өрт сөндірушілер мен полицейлердің қарасы мол.
Ал Twitter әлеуметтік желісінде жарияланған жазбалар мен суретке сенсек, қоршауға алынған үйдің төбесінен түтін шығып жатыр.
Осы әлеуметтік желіде оқиға болып жатқан "Ахселькент" ықшам ауданының тұрғындары бір-бірімен ақпарат алмасқан.
Мәселен, Nurzhan деген пайдаланушы "Алматыда атыс болып жатса, ал "Хабар" телеарнасы түрік сериалын көрсетіп жатыр. Соғыс басталса да сериал кесте бойынша беріледі", - деп жазған.
Ал Вероника атты интернет қолданушы "Ахселькентте тұратын танысыма телефон соқтым, жұмысында шошып отыр" депті.
Бұдан бөлек, "Таңертең балаларды апасына апарып тастағаным қандай жақсы болған" деген сияқты басқа да жазбаларды оқуға болады.
Ал Marzhan Zhumagazina деген қолданушы сағат 15:00-де қақтығыстың аяқталғанын, "бес террористтің көзі жойылғанын" жазыпты.