Лондон олимпиадасында дзюдо күресінен 100 келіге дейінгі салмақта кілемге шыққан Қазақстан құрамасының мүшесі Максим Раков алғашқы белдесуде әзірбайжан балуаны Елмар Гасимовтан жеңіліп, жарыстан шығып қалды.
Спорттың бұл түрінен олимпиадалық рейтингтің басында тұрған, 2009 жылы Азия және әлем чемпионы атанған 26 жастағы Раков алғашқы минуттан-ақ бәсекесіне есе жіберіп алды. 21 жастағы Гасимов колданған тәсілі үшін төрешіден алған жалғыз "юкомен" жеңіске жетті.
Олимпиадада алған жүлделер саны бойынша Қазақстан құрамасы әзірге 3 алтын медальмен 8-ші орында тұр.