Accessibility links

Боксшы Марина Вольнова ширек финалға шықты


Қазақстандық боксшы Марина Вольнова.
Қазақстандық боксшы Марина Вольнова.
Лондон олимпиадасында әйелдер боксынан 75 келіге дейінгі салмақта жарысқа қатысып жатқан қазақстандық 23 жастағы Марина Вольнова алғашқы кездесуінде кениялық боксшы Элизабет Эндиегоны ұтып, ширек финалға шықты.

Төрт раундтың қорытындысы бойынша Вольнова 20:11 (6:3, 5:3, 6:2, 3:3) есебімен жеңіске жетті. Вольнова бүгін, 6 тамызда ширек финалда британдық Саванна Маршаллмен кездеседі.

Жексенбіде қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова қарғып секіру сайысында олимпиада чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Қазақстан алты алтын медальмен әзірге жетінші орынға тұрақтады.

Қазір командалық есепте жиыны 61 жүлде (30 алтын, 17 күміс, 14 қола) иемденген Қытай құрамасы көш бастап тұр.
XS
SM
MD
LG