Accessibility links

Жаңаөзен бойынша апелляциялық сот шешімі шықты


Жаңаөзендік мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева.
Жаңаөзендік мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева.
6 тамыз күні Маңғыстау облыстық соты жаңаөзендіктер түсірген апелляциялық шағымға байланысты шешімін шығарды. Сотқа төрағалық еткен судья Мақсат Бейсембаев Роза Төлетаевадан басқасына қатысты алдыңғы сот шешімінің өзгеріссіз қалатынын жария етті.

- Судья 7 жыл мерзімге сотталған Роза Төлетаеваның жазасы екі жылға азайтылатынын айтты. Қалған сотталушыларға қатысты шешімнің сол қалпында қалатындығын хабарлады, - деді Азаттық тілшісіне сотталған Марат Қосбармақовтың жұбайы Айнұр Төлепова.

2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында болған қанды қақтығысқа қатысты қозғалған іс бойынша өткен сот биылғы 4 маусым күні үкім шығарып, 13 адамға 3 пен 7 жыл аралығында жаза кескен болатын.
XS
SM
MD
LG