Accessibility links

Қазақстан олимпиадада 8 орында тұр


Лондон олимпиадасының логотипі. Көрнекі сурет.
Лондон олимпиадасының логотипі. Көрнекі сурет.
Лондон олимпиадасында жалпы командалық есеп бойынша Қазақстанның олимпиадалық құрамасы қазіргі сәтте жиыны жеті медальмен (6 алтын, 1 қола) сегізінші орынға тұрақтады. Кешегі есепте Қазақстан құрамасы жетінші орында тұрған еді.

6 тамызда грек-рим күресі бойынша 84 келі салмақта сайысқа түскен қазақстандық палуан Даниял Гаджиев қола медаль жеңіп алған. Ал 120 келі салмақта күрескен палуан Нұрмахан Тінәлиев алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды. 60 келі салмақта жүлдеден үміткерлердің бірі саналған Алмас Кебіспаев әуелі чемпион атанған ирандық палуаннан ұтылып, кейін қола жүлде үшін тартысты белдесу кезінде жапониялық қарсыласынан ұпай саны бойынша ұтылды.

Бокстан аса ауыр салмақта жарысқа қатысып жатқан қазақстандық Иван Дычко 6 тамыз күні түн ортасына таяу өткен ширек финалдық жекпе-жекте канадалық қарсыласын ірі есеппен ұтып, жартылай финалға шықты. Дычко жартылай финалда ұлыбританиялық Энтони Джошуамен сайысқа түседі.

Олимпиада ойындарында жалпы командалық есеп бойынша әзірге 64 медальмен (31 алтын, 19 күміс, 14 қола) Қытай құрама командасы алда келеді.
XS
SM
MD
LG