Accessibility links

Агенттік: 19 қаржы полицейі аттестациядан бас тартты


Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
Қаржы полициясы қызметкерлерінің аттестациядан бас тартқандары жайында экономикалық және коррупциялық қылмыспен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбайға сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігі хабарлады.

Жұманбайдың айтуынша, аттестациядан аталған агенттіктің (қаржы полициясы) 533 қызметкері өтуі тиіс болған. Бірақ оолардың 19-ы "комиссия талаптарының қатаңдығынан аттестациядан бас тартып, қызметтерінен босату туралы өтініш жазған".

Құқық қорғау саласының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан назарбаев сәуірде жарлық шығарған еді.
XS
SM
MD
LG