Accessibility links

Қазақстан олимпиадада тоғызыншы орынға түсті


Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова. Лондон, 3 тамыз 2012 жыл.
Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова. Лондон, 3 тамыз 2012 жыл.
Лондон олимпиадасында Қазақстан құрамасы жарыстың 12-күнінде жалпы командалық есеп бойынша тоғызыншы орынға сырғыды. Қазақстан қоржынында әзірше алты алтын және бір қола медаль бар. Кешегі есепте Қазақстан сегізінші орында, Германияның алдында тұрған еді.

7 тамызда қазақстандық Наталья Сергеева байдаркадан дара жарыста финалға шықты.

Осы күні 69 келі салмақ бойынша сайысқа түсіп жатқан боксшы Серік Сәпиев ширек финалда венесуэлалық қарсыласын 20-9 есеппен ұтты. Сәпиевтің келесі қарсыласы - ресейлік Андрей Замковой. Жекпе-жек 10 тамыз күні кешкісін өтеді.
XS
SM
MD
LG