Accessibility links

Иран президенті Сауд Арабиясына барды


Иран президенті Махмуд Ахмединежад.
Иран президенті Махмуд Ахмединежад.
Иран президенті Махмуд Ахмединежад бүгін Ислам конференциясы ұйымының саммитінің қарсаңында Сауд Арабиясына барды. Меккеде болатын саммитте Сириядағы жағдай талықыланбақ.

Тегеран мен Эр-Риядтың көп мәселеде ұстанымдары үйлеспей жатады. Сирия дағдарысына қатысты Сауд Арабиясы көтерілісшілерді қолдаса, Иран - президент Башар Асадтың сенімді жақтасы.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне халықаралық қауымдастықтың Иран мұнайын экспорттауға тыйым салуы да әсер етіп отыр. Санкцияның арқасында Сауд Арабиясы өзінің мұнай экспорты көлемін біршама ұлғайтып алды.

Ислам конференциясы ұйымына 57 мемлекет, оның арасында Қазақстан да мүше.
XS
SM
MD
LG