Accessibility links

Германия Facebook-ке қарсы тергеуін қайта бастамақ


Facebook әлеуметтік желісінің логотипі.
Facebook әлеуметтік желісінің логотипі.
Германия Facebook әлеуметтік желісіне қатысты азаматтардың жеке бас құқықтарына қол сұққаны үшін 2011 жылы бастаған тергеуін қайта жалғастырды.

The New York Times басылымының жазуына қарағанда, Facebook әлеуметтік желіні қолданушылардың суреті арқылы олардың кім екенін өзі тани беретін технологияны пайдаланудан бас тартпай қойған. Технология пайдаланушы енгізген суреттегі адамның кім екен анықтап, парақша иесіне тиісті белгілерін қоюды ұсынады.

Бұл функцияны қолдану үшін Facebook иелерінің рұқсатынсыз жеке суреттер базасын құраған. Немістің ақпарат министрлігінің мәліметінше, Facebook пайдаланушылардың биометриялық мәліметтеріне жинаумен айналысқанын мойындаған. Бірақ Facebook компаниясы мұндай тәжірибе бас кеңсесі орналасқан Ирландияда заңды екенін айтып, ол саясатын өзгертуден бас тартады.

Таяуда неміс үкіметі жеке суреттер базасын жоюды және парақша иесінен суретін пайдалану үшін рұқсат сұрауды ресми түрде талап етпек.

Одан бас тартқан жағдайда компанияның үстінен шағым түсіп, 25 мың еуро айыппұл салынуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG