Accessibility links

Лондоннан жалғыз жүлде алған тәжік спортшысына пәтер сыйлады


Лондон олимпиадасының жүлдегері Мавзуна Чориеваны (оң жақта) туыстары мен жерлестері әуежайдан қарсы алды. Душанбе, 16 тамыз 2012 ж.
Лондон олимпиадасының жүлдегері Мавзуна Чориеваны (оң жақта) туыстары мен жерлестері әуежайдан қарсы алды. Душанбе, 16 тамыз 2012 ж.
Лондон олимпиадасына Тәжікстан ұлттық құрамасы қатарында барған 16 спортшының арасында жалғыз жүлде - қола медальға ие болған Мавзуна Чориеваға елі қошемет көрсетіп жатыр. Душанбе қаласының билігі оған үш бөлмелі пәтер сыйлады.

Ел президенті оған ақшалай 42 мың АҚШ доллар сыйлық беретіні, ал жеке банктердің бірі спортшы қызға Lexus маркалы автокөлік мінгізетіні хабарланды.

Сол сияқты туған жері Куляб қаласынан да Чориеваға пәтер берілетіні айтылып отыр.

Әйелдер арасында бокстан сынға түскен 19 жастағы Мавзуна Чориева жартылай финалға дейін жетіп, ирландтық Кэти Тейлордан жеңіліп, қола жүлде алған еді.
XS
SM
MD
LG