Accessibility links

Бүгін таңғы сағат 7:00-де оқылған «Айт намазынан» кейін республика мұсылман қауымы Ораза айт мейрамын тойлауға кірісті.

Үш күнге созылатын Ораза айты кезінде мұсылмандық діни жоралғы бойынша адамдар үйлерінде дастарқан жайып, келген адамды қарсы алады, сондай-ақ өздері де басқа жұртшылықпен бірге айттап, игі тілек тілейді.

Рамазан айы шілденің 20-сы күні басталған еді. Осыған орай Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі Қазақстан мұсылмандарына құттықтау жолдаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG