Accessibility links

«Әл-Арабия»: Ливия астанасында екі жарылыс болды


Ливия жалпы ұлттық жиылысы үшін Триполидегі сайлау участогында дауыс берген әйел бармағына жағылған қара сияны көрсетіп тұр. 07 шілде 2012 жыл
Ливия жалпы ұлттық жиылысы үшін Триполидегі сайлау участогында дауыс берген әйел бармағына жағылған қара сияны көрсетіп тұр. 07 шілде 2012 жыл
"Ливия астанасы Триполиде екі жарылыс болды" деп хабарлайды «әл-Арабиа» телеарнасы.

Телеарна қызметкері айтқан мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандар мен жараланғандар бар, бірақ олардың нақты саны белгісіз. Жарылыстардың бірі - Ливия ішкі істер министрлігінің ғимаратына таяу жерде, екіншісі - Омар Мұқтар көшесінде болған. Жарылыстың жай-жапсары туралы басқа деректер әзірге жарияланбаған.

Муаммар Каддафи биліктен тайдырылғаннан кейін биыл 7 шілдеде алғаш өткен парламент сайлауында Ливияның либералдық альянсы көпшілік орынға ие болған еді.
XS
SM
MD
LG