Accessibility links

Қырғызстанда Назарбаев атындағы 2 мектеп салынбақ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Бішкек, 22 тамыз 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Бішкек, 22 тамыз 2012 жыл.
Қырғызстанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атында мектеп ашылады деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Кеше Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен соң Қазақстан жағының өз еліне бірнеше салада қаржылай көмек көрсетіп отырғанын айтқан. Солардың бірі - Қазақстан Қырғызстанда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы екі мектеп салуға қаржы бөлген. Екі мектептің бірі - елдің солтүстігінде, екіншісі - оңтүстік аймағында салынбақ. Бұдан өзге, қырғыз жастарына Астанадағы халықаралық университетте оқуға арнайы гранттар бөлінбек.

Президент Назарбаев Бішкекте қырғыз премьер-министрі Өмірбек Бабановпен де кездесті.
XS
SM
MD
LG