Accessibility links

Нью-Йорктегі атыста екі адам оққа ұшты


Empire State Building ғимараты маңында оққа ұшқан адамның мәйіті жанында тұрған полиция өкілдері. Нью-Йорк, 24 тамыз 2012 ж.
Empire State Building ғимараты маңында оққа ұшқан адамның мәйіті жанында тұрған полиция өкілдері. Нью-Йорк, 24 тамыз 2012 ж.
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Empire State Building деп аталатын зәулім ғимараттың маңында жұма күні таңертең болған атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алған.

Қала мэрі Майкл Блумбергтің мәлімдеуінше, ғимарат маңында Стивен Эрколино есімді адамға қарудан үш рет оқ атқан Джеффри Джонсон деген біреу оқиға орнына жеткен екі полицейге қару кезенген соң, олар Джонсонның өзін атып өлтірген. Туристер көп жүретін ғимарат жанындағы атыс салдарынан барлығы тоғыз адам жеңіл жарақат алған. Олардың кейбіреуіне полицияның оғы тиген болуы мүмкін деген жорамал да бар.

Блумбергтің айтуынша, қаза тапқандар бір бірін жақсы таныған: 53 жастағы Джонсон былтыр жұмыссыз қалғанға дейін 41 жастағы Эрколиноның қарамағында әйелдер киімінің дизайнері болып жұмыс істепті.

Нью-Йорк полициясы бұл төтенше оқиғаны террорлық акт емес деп отыр.
XS
SM
MD
LG