Accessibility links

Телерадио хабарларын тарату қағидалары жарияланды


Көктөбедегі телерадиохабарларын тарататын мұнара. Алматы, күз, 2010 жыл.
Көктөбедегі телерадиохабарларын тарататын мұнара. Алматы, күз, 2010 жыл.
Бүгін Қазақстанда ресми баспасөзде телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары жарияланды.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңына сәйкес әзірленген және ел аумағында телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібін анықтайтын бұл құжат Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген.

Жаңа қағида телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік, эфирлік және кабельдік желілер бойынша қызмет көрсететін телерадио хабарларын тарату операторларының, теле-, радиокомпаниялардың, сондай-ақ телерадио хабарларын тарататын оператормен телерадио хабарларын тарататын қызметтерді алуға шарт жасасқан жеке және заңды тұлғалардың жұмыс тәртібі мен өзара міндеттерін белгілейді.

Бұл құжат ресми жарияланған күннен кейiнгi он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
XS
SM
MD
LG