Ауғанстанның барлау қызметі жексенбіде Пәкістанда пилотсыз ұшақтан жасалған әуе соққысынан Талибанмен байланысы бар "Хаккани" террористік тобының бас дала командирі қаза тапты деп хабарлады.
Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік басқармасының дерегі бойынша, Пәкістанда орналасқан топтың негізін салушы Жалалуддин Хакканидің ұлы - Бадруддин Хаккани содырлар орналасқан аудандардың біріне жасалған шабуыл барысында қаза тапқан. Ауған барлау қызметінің агентіне Хаккани әулетінің өкілі туысының 21 тамызда Солтүстік Вазиристан аймағында қаза тапқанын айтқан.
Бірақ Пәкістан мен АҚШ билігі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ. Ал Талибан өкілдері Бадруддин Хакканидің тірі екенін айтады.