Accessibility links

Ақсай шатқалындағы қорықшы тұтқындалды


Іле Алатауы ұлттық паркіндегі Ақсай шатқалы. (Көрнекі сурет).
Іле Алатауы ұлттық паркіндегі Ақсай шатқалы. (Көрнекі сурет).
Іле Алатауы ұлттық паркіндегі 12 адамның өліміне байланысты қорықшы Алексей Шкилев екі айға тұтқындалды деп хабарлайды "Мегаполис" басылымы.

Шкилевтің адвокаты Ермұрат Мұқанов басылымға берген сұхбатында, "тергеушілер Шкилевтің өртеніп кеткен үйінен екі қару тапқанын, қарулардың күйгенін" айтқан.

"Қарулар табылған кордон Шкилевтікі болғандықтан оны тұтқындады" деген Мұқанов.

13-14 тамыз күндері Алматы облысының аумағындағы "Кордон-Ақсай" шатқалынан 11 адамның мәйіті табылды. Олардың бірі - Іле Алатауы паркінің қорықшысы Панайот Захаропуло. Ал 27 тамызда ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қаза тапқан 12-адамның мәйіті табылғанын растады.

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG