Accessibility links

Терісайрықтағы 11 сарбаз "жәбір көрді" деп танылды


Алматы облысының Үшарал қаласындағы шекара заставасы. (Көрнекі сурет).
Алматы облысының Үшарал қаласындағы шекара заставасы. (Көрнекі сурет).
2011 жылы маусым айында Терісайрық шекара заставасын өз беттерімен тастап кетіп қалған 11 сарбаз жәбір көрді деп танылды. Бұл туралы хабарлаған ақпараттық сайттар әскери прокуратураның ресми өкілі Жеңіс Темековке сілтеме жасайды.

Биыл 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысындағы Терісайрық шекара заставасын өткен жылы әскерге шақырылған 11 сарбаз тастап кетіп қалған еді. 20 маусымда олардың барлығы ұсталды. Сарбаздар өздеріне келісім-шартпен қызмет ететін шекарашылар қысым жасағанын айтқан. Ал 20 маусымда сарбаздарды ұрды деп айыпталған үш шекарашы қамалған.

"Сарбаздар осы оқиға бойынша іске жәбірленушілер ретінде қатысады. Сарбаздар заставаны келісім-шартпен қызмет ететін шені жоғары шекарашылардың қызмет бабын асыра пайдалануы салдарынан қашып кеткендіктен, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалмайтын болды" дейді Темеков.

Бас прокуратура бұған дейін келісім-шартпен қызмет етіп жүрген шекарашылар "қызмет бабын асыра пайдаланғаны" үшін 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін хабарлаған.
XS
SM
MD
LG