Accessibility links

АҚШ Иракқа ескерту жасады


АҚШ сенаторы Джон Маккейн.
АҚШ сенаторы Джон Маккейн.
АҚШ үкіметі Иракты өз аумағы арқылы ұшатын Иран ұшақтарының барлығын тексеруден өткізуге шақырды.

Мемлекеттік департамент өкілі Патрик Вентрелланың айтуынша, Вашингтон "Иран Сирия режимін қару-жарақпан қамтамасыз етеді" деп қауіптенеді.

Бұған дейін Бағдадқа барған америкалық сенаторлар Джо Либерман, Линдси Грэхэм және Джон Маккейн Ирак үкіметіне "егер Сирияға қару-жарақ жеткізетін Иранға әуе жолын беруден бас тартпайтын болса, АҚШ-пен қарым-қатынасы үзілетінін" ескерткен.

Либерман осыған байланысты тіпті 2008 жылы қол қойылған екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім іске аспай қалуы да мүмкін екенін айтты.

Мұның алдында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун ұйымның Қауіпсіздік кеңесін "сириялықтарды қантөгістен қорғауға қажет шараларды қабылдай алмай отыр" деп сынаған еді.
XS
SM
MD
LG