Accessibility links

Обама президенттікке түсу ұсынысын қабыл алды


АҚШ президенті Барак Обама мен зайыбы Мишель Обама. Солтүстік Каролина штатының Шарлотта қаласы, 6 қыркүйек 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама мен зайыбы Мишель Обама. Солтүстік Каролина штатының Шарлотта қаласы, 6 қыркүйек 2012 жыл.
АҚШ-та бүгін аяқталған Демократиялық партияның сайлауалды съезінде президент Барак Обама сөйледі. Ол сөзін партияластарының өзін екінші мерзімге президент сайлауына түсу ұсынысын ресми түрде қабыл алғанынан бастады.

Съезд Солтүстік Каролина штатының Шарлотта қаласында өтіп жатыр. Съездің үшінші күні Барак Обаманың кандидатурасын қолдап, АҚШ вице-президенті Джо Байден, танымал музыканттар, киноактерлер мен өнер қайраткерлері сөйледі.

АҚШ-та президент сайлауы 6 қарашада өтеді. Барак Обаманың қарсыласы - Республикалық партиядан түсетін кандидат, Массачусетс штатының экс-губернаторы Митт Ромни.
XS
SM
MD
LG