Accessibility links

FEMEN белсендісі Украинадан кетіп қалды


FEMEN белсендісі Инна Шевченконың православиелік кресті кесіп тастаған кезі. Киев, 17 тамыз 2012 жыл.
FEMEN белсендісі Инна Шевченконың православиелік кресті кесіп тастаған кезі. Киев, 17 тамыз 2012 жыл.
FEMEN әйелдер қозғалысының белсендісі Инна Шевченко өзін тұтқындаудан қауіптеніп Украинадан Францияға кетіп қалды.

Тамызда Киевте Инна Шевченко ресейлік Pussy Riot панк тобының әншілерін соттауға наразылық ретінде православиелік кресті темір кесетін арамен кесіп тастаған еді. Украина билігі оған осы ісі бойынша "бұзақылық жасады" деген айып тақты. Ал ол осы уақытқа дейін жасырынып жүрген.

FEMEN қозғалысын құрған Анна Гуцол украин арнайы қызметі Шевченконың пәтерін аңди бергендіктен оның елден кетіп қалғанын жеткізді.

Pussy Riot-тың үш әншісі Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Владимир Путинге қарсы ән айтқаны үшін тамыз айында 2 жылға сотталған еді.
XS
SM
MD
LG